$494.87 €520.65 ₽4.91
×

АҚШ-та дауыл кезінде 600-дей адам жоғалып кетті

AstanaTV
01.10.2024ж. 13:16
248
АҚШ-та дауыл кезінде 600-дей адам жоғалып кетті

АҚШ-тың оңтүстік-шығысында «Хелен» дауылы кезінде 600-дей адам жоғалып кеткен. Ал қаза тапқандар саны 116-ға жетіп отыр. Құрбандардың көбі - Солтүстік және Оңтүстік Каролина тұрғындары. Осы аптада бұл аймаққа президент Джо Байден сапар шегіп, жағдаймен танысуға уәде берді.

Сонымен қатар, жауындатып соққан дауылдан кейбір елді мекендер тұтастай қираған. Және де талай жол зақымданып, көпірлер құлап, көшелер өзенге айналды. Ал жарықсыз қалғандар саны 2 миллионға жетіп отыр. Айта кетсек, алапат дауылдан Флорида, Теннесси, Джорджия штаттары да біршама зардап шекті.

Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.