30 қыркүйек күні елордада жас қыздың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бойжеткеннің денесі Майлин көшесінен табылған. Астана қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын алға тартты.
Полиция қызметкерлері 20 жастағы қыздың жеке басын анықтады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - делінген мәліметте.