$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда пайдалануға берілгеніне бір жарым жыл болған мектептің жертөлесі суға толған

01.10.2024ж. 20:00
267
Атырауда пайдалануға берілгеніне бір жарым жыл болған мектептің жертөлесі суға толған

Атырауда құны 3 млрд теңге тұратын жап-жаңа мектептің жертөлесі екі жыл болмай суға толған. Мектеп қызметкерлері күн сайын насоспен сорғанымен, таусылар түрі жоқ. Жауаптылар көктемдегі мол су салдарынан жерасты суы көтерілген деп, табиғи факторға сілтеп отыр. Мердігер мекеме өкілдері не дейді? Жаңа білім ордасының жағдайы не болмақ? Тілшіміз баяндайды. 

Балауса ықшам ауданындағы білім ордасының екі блогының жертөлесі суға толғанын мектеп қызметкерлері биыл сәуір айында байқаған. Бірден білім бөлімі мен мердігер мекемеге хабарлапты. Тіпті ықшам аудан халқымен кездесуге келген қала әкіміне де жағдайды баяндаған. Бірақ қол ұшын созған ешкім жоқ,- дейді. Содан бері жерасты суымен өздері күресіп келеді. Сорған сайын орны толып тұрғанын айтады.

НҰРБЕК ӘДЕПҚАЛИЕВ, №43 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Өзіміз насос сатып алдық. Рукав сатып алдық Сонымен септигімі толып кететін болғаннан кейін көше жаққа қарай шығарып жүрдік, көшеге асырмаймыз да. Бұл маңда әр жағында тир бар. Балалардың НВП сабағында, сол тирге өте алмай тұр.

Мектептің пайдалануға берілгеніне екі жыл да болған жоқ. Кепіл мерзімі желтоқсанда аяқталады. Құрылысты алғаш қолға алған алматылық мекеменің жауапсыздыздығынан келісім-шарт үзілген. Жергілікті компания 600 орындық білім ордасын жоба бойынша жалғастырдық. Салып жатқанда да, пайдалануға берілгенде де жерасты суы көрінбеді,- дейді.

ЖАҢАБАЙ ЖҰБАНОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ БАСШЫСЫ:

Біз келгенде іргетасы, цоколный этажы құйылып тұрды. Басқа мердігер жасаған. Заказчигіміз беріп тұр ғой өзі. Міні тексерілген геологиясы жасалынды деп. Сол қағазға сүйеніп жалғастрдық жұмысты. Болды Көмек тек көрсете аламыз. Сорып, тазалап беруге солай көмектесе аламыз.

Тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасындағы жауапты мамандар мектептің мұндай жағдайын бұған дейін білмедік,- деп отыр.

ДАРХАН ТІЛЕПБЕРГЕН, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Алдын-ала геология жасалады мектепке барлық. Нысан жобаға сәйкес жүргізілді. Ешқандай жобадан ауытқушылық болған жоқ. 2022 жылы нысанды қабылдап алған кезде жерасыт суы пайда болған жоқ. Өтірік айтпайм, кеше ғана естідік. Подвалдағы суға откачка жасаймыз. Содан кейін техникалық бақылау жүргізетін боламыз.

Су толған жертөленің жоғары қабатындағы қабырғалардың сылағы түсіп, едендегі кафель қозғала бастаған. Мердігер компания басшысы кепіл мерзімі аяқталса да, суды сорып, соның салдарынан болған кемшіліктерді жоюға уәде етті.