$480.11 €532.25 ₽5.14
×

Алаяқтар бар болғаны үш секундта бейнеқоңыраумен байланысып, несие рәсімдей алады

AstanaTV
01.10.2024ж. 20:00
83
Алаяқтар бар болғаны үш секундта бейнеқоңыраумен байланысып, несие рәсімдей алады

Танымайтын адаммен бейнеқоңыраумен сөйлеспеңіз. Өйткені олар адамның бет-әлпетін фото-видеоға түсіріп алуға тырысады. Кейін face id арқылы мобильді банкингтің көмегімен ақшаңызды үптеп кетуі мүмкін. Жаһандық трендке айналған жасанды интеллекттің мүмкіндігін қолдануда. Ал олардан қалай сақтану керек? Еркелді Тілеуқұл айтып береді. 

Әсемай Талғатқызы алаяқтардың кезекті құрбаны болды. Жүзін жасыруды сұраған бойжеткен бар болғаны телефонына ойын жүктеп, оны қосқан бетте жарнамаға тап болған. Оны өшірем дегенде байқамай басылған батырма, алаяқтардың құрған қақпаны болып шықты.

ӘСЕМАЙ ТАЛҒАТҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бр сілтеме, сайтқа кіріп кеттім. Мен одан шықтым. Мән берген жоқпын. Біраз уақыт өткеннен кейін телефоныма хабарлама келді. Ақшам шешілді деп жатыр. Банк қосымшасына кірсем, ақшам жоқ болып кетіпті.


Жыл басынан бері Әсемай секілді он мыңнан аса қазақстандық алаяқтардың құрбаны болды. Тіпті олар жасанды интеллектіні жаңа схемаларына қосқан. Адамның бет-бейнесін, даусын қазіргі уақытта айна-қатесіз келтіреді. Осының кесірінен, ғаламторда талай адам құрыққа ілініп жатыр.

СЕРІКЖАН РАМАЗАНОВ, КИБЕРҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША МАМАН:

Қазір алаяқтық жұмыс – ол үлкен бизнес. Басқа шет мемлекеттерде үлкен бот-фермалары бар. Үлкен компаниялар бірнеше ондаған адамды отырғызып, жандарында отырып, телефон шалдырып, іздеп отырады.

Статистикаға сөз берсек, интернет-алаяқтардан жапа шеккендердің саны жылдан-жылға тек артып бара жатыр. Мәселен, Ішкі істер министрлігі 13 мыңнан астам қылмыстық іс қозғаса, оның тек 2590-ы сотқа жіберілді. Ал құрықталған қылмыскерлердің саны небәрі – 914. Себебі, олардың барлығы дерлік шет мемлекеттерде.

ҚАНЫШ АҚЖАНОВ, ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Көп таралған түрлері – ватсап немесе телеграм мессенджерлеріне сілтеме жіберу. Әртүрлі сілтемелерге кіре беруге болмайтынын ескертеміз. Өйткені алаяқтар арақышықтықтан да сілтеме арқылы телефонға қол жеткізуі мүмкін.