$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Сенат төрағасы Жетісу тұрғындарын референдумға белсенді қатысуға шақырды

01.10.2024ж. 20:00
201
Сенат төрағасы Жетісу тұрғындарын референдумға белсенді қатысуға шақырды

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі халық штаб мүшелері Жетісу облысына барды. Олар өңір жұртшылығымен алдағы референдумға қатысты өзекті мәселелерді және энергетика саласын дамыту перспективаларын талқылады. Сапар барысында депутаттар сарапшылармен және қоғам қайраткерлерімен бірге облыстағы өндірістік кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, сондай-ақ, белсенді жастармен кездесті. Сонымен қатар Штаб мүшелері ақпараттық жұмыс аясында көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар және әлеуметтік аз қамтылған санаттағы азаматтар жұмыс істейтін «Айсұлу» тігін фабрикасының ұжымымен және «Темірбетон» кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда отандық өндірушілерді қолдау мәселелері, осы бағыттағы заңнамалық нормалар және референдумның маңызы кеңінен талқыланды. 

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы референдум "Халық үніне құлақ асатын" мемлекет тұжырымының нақты жүзеге асырылуы деп қабылдау керек. Себебі Президентіміз Қ.Тоқаев елдің болашағына қатысты мәселелерге келген кезде, жалпы бүкіл ұлтқа бір әсерін тигізетін қадамдарға баратын кезде. Біз оны кабинетте отырып алып өзіміз қабылдамай, халықтың ішіне барып, халықтың пікірін естіп, сөйтіп шешім қабылдауымыз керек деп айтқанын білесіздер.