$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Қызылордада тоқпен жүретін көліктер жолаушы тасмалдауда

Қызылордада тоқпен жүретін көліктер жолаушы тасмалдауда

Электр энергиясына тәуелділік артып келеді. Бұрын тек тұрмыстық техникалар ғана тоқпен істейтін. Енді көліктер де қуаттамаса жүрмейтін болды. Қызылордада тоқпен жүретін көліктер жолаушы тасымалдауда. Қалалық автобус паркі 100 экотаксиді жолға қосты.

Қанат Бақаевтың жүргізуші ретінде 40 жылдық еңбек өтілі бар. Тәжірибелі маман енді тоқпен жүретін көлікті сынап көруде. Айтуанша, көлік бір жарым сағаттың ішінде толық қуатталады. Онымен 400 шақырымды жүріп өтуге болады. Ал жылдамдығы мен жайлылығы кәдімгі көліктерден артық болмаса, кем түсейді дейді ол.

ҚАНАТ БАҚАЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ:

Анау машинаға қарағанда тазалығы жақсы. Ешқандай ластамайды. Осындай көліктер көбейеді енді. Қазір бастамасы келіп жатыр. Жылдамдығы жақсы, жақсы жүреді басқа машиналарға қарағанда. Халыққа да тиімді болатын шығар деп үміттенемін. Кәдімгі таксилер қымбат алып жатса біз арзан аламыз.

Бұл техниканы болашақтың көлігі десек болады. Демек, жұргізушілер экологиялық жағынан да тиімді мұндай құрылғылар алда көбейтінін айтады. Соның есебінен энергияға деген тәуелділік те артпақ. Алайда аймақта электр энергиясының тапшылығы жыл өткен сайын сезілуде дейді мамандар. Әсіресе, жаз және қыс айларында тұрғындардан шағым көп түседі екен.

ӘБДІЛЕК ИСМАЙЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ЭЛЕКТР ТАРАТУ ТОРАПТАРЫ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қуаттың аздығынан электр энергиясы өте төмендеп кетеді. Біз жазғы уақытта облыс көлемінже энергия жеткізе алмаймыз. Кернеуіміз 200 кейде 180 ге түсіп кетеді. Осының барлығы осы жетіспеушіліктен болады. Бара бара бұл одан сайын көбейе береді. Өйткен себебі, қазір тұрмыстық техникалар әр үйде бұрын 5 кв болатын болса, қазір 5, 10,15ке дейін барады.

Сыр өңірінде орташа есеппен күніне 160 МВт*сағ электр энергиясын пайдаланады. Тұтыну көрсеткіші өсіп жатыр. Сондықтан алдағы уақытта энергия қуатын өндірудің жаңа негізгі көзін енгізу қажеттілігі туындайды.