$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен 80 млн доллар қарыз алады

AstanaTV
19.04.2017ж. 20:00
2553
Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен 80 млн доллар қарыз алады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасын қаржыландыру үшін Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен 80 млн доллар қарыз алады. Бүгін мәжіліс тиісті заң жобасын ратификациялады.

Бас дәрігер Елжан Біртановтің айтуынша, қаражаттың алпыс пайызы дәрігерлерді оқытуға жұмсалады. Отыз үш пайызы құрал-жабдықтарды жаңартуға бағытталмақ. Оның ішінде жедел-жәрдем қызметін әлемдік стандартқа сай жетілдіруді және өлім көрсеткішін төмендетуді көздейді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Қарыз доллармен беріледі, пайызы - 2,03 пайыз. 5 жыл ішінде төлемейміз. Сосын төлеуді бастаймыз. 15 жылдың ішінде 80 млн-ға қосымша 11 млн доллар қосып төлейміз.

Несие қазына қаражатынан қайтарылады. Келісімшарт доллармен жасалған. Ауыспалы спред, яғни валюта бағамы өзгерсе, қайтарым да өседі. Тұрақты спред болса, пайыздық үстемақы да артады. Дегенмен, қаржылық ахуал өзгеріп жатса, Қазақстан халықаралық банкке өтініш білдіріп, тұрақты үстемақы төлеуге келіссөз жүргізе алады.

Руслан Бекетаев, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

Қаржылық шарт ретінде біз ауыспалы спредті таңдадық. Онда қарызды қайтарымы 2 пайыз деңгейінде болады. Ал тұрақты спредпен заим 2,5 пайызға шығады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ