$483.23 €534.74 ₽5.12
×

Алматыда көлік жүргізушісі жанында келе жатқан көлікке оқ атқан

02.10.2024ж. 20:30
74
Алматыда көлік жүргізушісі жанында келе жатқан көлікке оқ атқан

Алматыда көлік жүргізушісі жанында келе жатқан көлікке оқ атқан. Ол видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан екі көліктің жолда қатар келе жатқанын көруге болады. Hyundai жүргізушісі терезеден тапанша шығарып, көрші көлікке оқ атады. Қақтығыстың себептері белгісіз. Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, күдіктінің ұсталғанын хабарлады. 

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, жолдағы жанжал кезінде ол сигналдық тапанша қолданған. Қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Істің басқа да мән-жайлары анықталуда.