$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Мемлекеттік қызметкерлерге кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат берілуі мүмкін

02.10.2024ж. 20:00
150
Мемлекеттік қызметкерлерге кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат берілуі мүмкін

Кейбір мемлекеттік қызметкерлерге кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат берілуі мүмкін. Тиісті заң жобасын бірінші оқылымда Мәжіліс депутаттары мақұлдады. Бірақ кәсіпкерлік қызмет лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтірмеуі тиіс. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысу құқығына қойылған шектеу Конституцияға қайшы деп танылды.

Ұлан САРҚҰЛОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлғаларға кәсіпкерлік қызметпен айналысу мүмкін болады. Ондай адамдарға республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда, коммуналдық кәсіпорындарда, коммуналдық мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде мектептер мен ауруханаларда басқарушылық функцияларды жүзеге асыратын тұлғалар жатады. Бұлар – бірінші басшылар, олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлер, мемлекеттік сатып алу департаменттерінің басшылары, филиалдардың басшылары.