$497.89 €525.12 ₽5
×

Халықтық штаб белсенділері көпшілік орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

02.10.2024ж. 20:00
217
Халықтық штаб белсенділері көпшілік орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Белсенді жастар 6 қазанда өтетін референдумға қала тұрғындарын бір кісідей қатысуға шақырады. Электр энергиясына деген сұраныс күннен күнге артып жатқандықтан АЭС салу мәселесі еліміз үшін маңызды шешім дейді жастар. Халықтық штаб мүшелері саябақ, сауда орындары секілді көпшілік орындарда ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде. 

Ақтөбеде халықтық штабтың белсенді жастары ірі сауда желілерінде, көшелер мен алаңдарда референдум туралы ақпараттық парақшалар таратты. Халыққа толық мәлімет берді. Жалпы өңірде 40 мыңнан астам түсіндірме қағазы таратылған.

ӘЛІШЕР ТЫНЫШТЫҚ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жалпы бұл үгіт насихат жұмыстарының негізгі мақсаты- халықты рефендумда дауыс беруге шақыру және бұл шешімнің Қазақстанның еліміздің болашағына үлесі бар екендігін түсіндіру. Барлық Қазақстандықтарды біздер осындай жұмыстарымызбен рефендумға белсенді атсалысуға шақырамыз.

"Есіктен есікке" акциясы жастардың араласуымен Қызылордада да белсенді түрде өткізілуде. Еріктілер тұрғындарды референдумға қатысуға шақырып, әр дауыстың маңызды екенін түсіндіріп жүр.

ШАПАҒАТ САҒДАТҚЫЗЫ, ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ БЕЛСЕНДІСІ:

Халықтар көп шоғырланған орындардарда осындай үнпарақтарымызды таратып жатырмыз. Қай қалада орналасады, бұның оқыған мамандары бар ма деген сұрақтар сөптеп кездесіп жатыр.

Шымкенттік жастар арнайы флайерлер таратып жүр. Олар шаһар халқы мен қонақтарына парақшаларды үлестіріп қана қоймай АЭС -тің елімізге тигізер пайдасы, экономикалық және экологиялық тиімділігі туралы да айтып беруде.

ЕРАСЫЛ АЙМАХАН, ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ БЕЛСЕНДІСІ:

Бұның алдында кәсіптік нысандар арқылы келісіп, кездесіп, оларға АПМ парақтарын жапсыру немесе лифлеттер, флайерлер тарату жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Тіпті қаламызда халық көп жиналатын сауда үйлерінде және де парктер мен базарларды аралап, біздің белсенділер өз жұмыстарын жасап халықты барынша ақпараттандыруға тырысуда.

Айта кетейік, жалпыұлттық референдумның өтуіне 4 күн қалды.