Елімізде АЭС салынса медицина, білім салаларында ядролық ғылымның қарқынды дамуына түрткі болады. Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Ғұмар Серғазин осылай дейді. Референдум оң нәтиже берсе ядролық ғылым тереңінен зерттелетін болады. Ал, бұл өз кезегінде ядролық медицинадағы емдік және диагностикалық тәсілдерді біріктіреді. Бұл фармацевтикалық препараттарды қолдану, қашықтықтан сәулелік терапияны жетілдіреді.
ҒҰМАР СЕРҒАЗИН, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІБІ ДАМУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Тұрғындар медициналық тексерістен өткенде түрлі анализдер тапсырады. Мысалға МРТ сканерінің өзі- ядролық медицинаның бір түрі. Қазір біздің ядролық физика институты ядрофрим препаттаратын өнідіруде. Осы арқылы біз катерлі ауруларды бірден анықтаймыз және аталған прерапаттарды емдік шаралар үшінде қолданамыз. Әрине ол оң нәтижесін беруде. Ал, ядролық медицинаны дамыту бұл саладағы қазіргі жетістіктерімізден де асып түсуге өз ықпалын тигізеді.