$497.89 €525.12 ₽5
×

Тігін фабрикасының жұмысы электр энергиясына тәуелді

Тігін фабрикасының жұмысы электр энергиясына тәуелді

Қызылордада шағын тігін цехы санаулы жылда фабрикаға айналды. Сексенге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Барлық құрылғы автоматтандырылған. Яғни, электр энергиясына тәуелді. Тапсырыс көп. Сондықтан жұмыс ауқымын көбейтпек. Тек қуат көзінен тапшылық болмаса деген тілектері бар.

Тігін фабрикасы жұмысын 2016 жылы жейде тігуден бастаған. Ол кездері оннан аса адам жұмыс істеген. Бүгінде үлкен ұжымға айналды. Мемлекеттік тапсырыс негізінде күштік құрылымдарға арнайы киімдер тігеді. Күніне 400-500 данасын дайындайды.

ГҮЛНАР ЖАҢАБЕРГЕНОВА, ТІГІНШІ:

Бізге цехтан бөлшек-бөлшек болып келеді. Бірінші өтекке барып, өтек өз қызметін атқарып тігіншілерге келеді. Алдынан бастап қалта, клапон, пагон тігіліп, әрі қарай өз операцияларымен кете береді. Барлығы автоматтандырылған. Жарықпен жұмыс жасаймыз.

Фабрикадағы тігін машиналарының барлығы шетелдерден әкелінген. Тоқпен жұмыс істейді. Сондықтан біз үшін электр энергиясының үздіксіз әрі, қуаттылығы жоғары болуы маңызды дейді өндіріс орнының директоры.

НҰРГҮЛ ҚОСАЕВА, ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Осы жұмыс барысында қолданылатын тігін машиналары және де өзге қосалқы тігін жабдықтарының барлығы электр қуатымен жұмыс жасайды. Яғни 1-2 сағат элект энергиясының болмай қалуы бүкіл фабрика жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Қазіргі таңда барлық ірі өндіріс орындары элекр энергиясына тәуелді. Оларды тоқтан ажырату еңбек өнімділігі мен сапаның төмендеуіне ғана емес, жұмыссыздар санының артуына да алып келеді.