Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:
Жыл сайын елордада тұрғындар саны артып, қала аумағы қарқынды кеңейіп келеді. Мұнда қоғамдық тәртіп пен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет.
Полицейлердің айтуынша, қазір қоғамдық орындарда жасалатын және кәмелетке толмаған азаматтардың қатысы бар құқық бұзушылық кеміген. Сондай-ақ қылмыстың барлық түрін ашу көрсеткіші де жақсарған. Осы тұста тәртіп сақшыларының үлесі зор. Күнделікті олар жедел алдын алу іс-шараларын өткізіп, рейдтерге шығады.
Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:
Әрине, жақсы көрсеткіштерді байқағанымызбен, бұл арқаны кеңге салуға болады деген сөз емес. Дәл қазір менің жанымда учаскелік полиция инспекторы - Рәтбек БЕЙІСБЕКОВ. Рәтбек мырза, күшейтілген режимге көшіп жатырсыздар. Бүгінгі рейд барысында қандай бұзушылықтарды анықтап үлгердіңіздер? Жалпы қандай құқық бұзушылық жиі болады?
Рәтбек БЕЙІСБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:
Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:
Иә, қала тұрғындары шырт ұйқыда жатқанда дәл осы жандар күн-түн демей, тәулік бойы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысады. Қазірдің өзінде Астананың қара суығы сүйектен өтіп барады. Ал бұл азаматтар әрі қарай жұмысын жалғастыруға асық. Олай болса қызметтеріне кедергі келтірмейік. Қасымхан, сөз кезегі өзіңізде!