Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды. Атап айтқанда, 1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалі 85, ал «Шапағат» медалі 5 адамға берілді. Спортшылар мен жаттықтырушыларды салтанатты құттықтау шарасы Бейбітшілік және келесім сарайында өтті. Көшпенділер ойындарында топ жарғандарды Спорт және туризм министрі марапаттады.
ҚҰРМАНБЕК ТҰРҒАНБЕК, ҚР КӨКПАРДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА КАПИТАНЫ:
Алтын медалімізді мойнымызға тақтық. Аллаға шүкір, елімізді қуанттық деген ойдамыз. Өте жоғары деңгейде өтті. Бұны ұйымдастырған еліміздің басшылықтарына да рақмет айтамыз. Осындай үлкен іс-шараны өткізген.
Марапаттау рәсімінде жаттықтырушыларға да құрмет көрсетілді. Марапат төрінен көрінгендердің қатырында аударыспақтан ұлттық құраманың бас бапкері Жанбатыр Бекмұсаев та бар. Айта кетейік, Қазақстан 5 дүниежүзілік көшпенділер ойынында аударыспақтан командалық жарыста бірінші орынды иеленген еді.
ЖАНБАТЫР БЕКМҰСАЕВ, АУДАРЫСПАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:
Қасым-Жомарт Кемелұлының атынан "Ерен еңбегі үшін" марапатталып жатқан марапатымыз жәнеде мынау спортшыларды марапаттап жатқаны өте жоғары, өте спортшыларымызға үлкен серпін беретіні анық.