$482.86 €533.17 ₽5.08
×

Қарағанды облысында биыл 8 мыңға жуық адам қаржылық сауаттылық сабақтарын оқыды

03.10.2024ж. 20:00
143
Қарағанды облысында биыл 8 мыңға жуық адам қаржылық сауаттылық сабақтарын оқыды

Қарағанды облысында биыл 8 мыңға жуық адам қаржылық сауаттылық сабақтарын оқыды. Amanat “ партиясының “Қарызсыз қоғам” жобасы аясында студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік осал топтар мен банктің қара тізіміне енген тұрғындар бір апталық лекциялар мен шеберлік сабақтарына қатысты. Әсіресе бірнеше несиесі бар тұрғындар мен көпбалалы аналар, жас кәсіпкерлер, жастар сондай-ақ әлеуметтік сала мамандары, тіпті банк қызметкерлерінің өзі ерекше қызығушылық танытуда. 

Жансая ТҰЯҚОВА, “ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ” ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

“Өзіме көп маңызды ақпараттарды алдым. Ол ең біріншіден қаншалықты қаражат жинауға болады, оны арықарай қандай депозиттерге салуға болады, балаға депозит ашу, оның болашағына қазірден бастап ақша жинай бастау, мошенниктарға қалай алданбау керек осының барлығын дәл осы жобада үйреніп жатырмыз”.

Жоба бүкіл облыс аумағында жүзеге асырылуда. Жыл аяғына дейін барлығы 9 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. 

 Нұрсұлтан ШӘМЕНОВ, “ AMANAT” ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

“Алты тренеріміз әрбір қала, ауданды аралап, саналы топтармен кездесіп сабақтар өткізу үстінде. Көп балалы аналар қаржылық сауаттылық курстарын оқу барасында несие, берешектерінен құтылып, партиямыздың “ Ауыл аманаты” жобасының аясында несие алуға зор мүмкіндік, зор білім алғандарын айтуда”.