Атырау облысы тұрғындары «Ауыл аманаты» жобасының жемісін көріп отыр. Жеңілдетілген пайызбен несие алып қана қоймай, жұмыс орнын ашып, кәсібін дөңгелетуде. Алмалы ауылының тұрғыны Ренат Досжанов 8 миллион 500 мың теңгеге 2,5 пайызбен Газель көлігін сатып алған. Қазір баспана іргетасын құюмен айналысады. Болашақта кәсібін кеңейтуді де жоспарлап қойған.
РЕНАТ ДОСЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бұл жүк көлігімен мен фундаменттің материалдарын тасимын. Және де жігіттер жұмыс тауып беріп отырмын. 5-6 бала бар қарамағымда. Осыны дамытқым келеді әрі қарай. Үлкендеу жүк көлігін алып, үлкейткім келеді бұл саланы. Маған қолайлы, былайбанктен қарағанда тиімді. Пайызы аз.
Былтыр аймақта бір миллиард бес жүз төрт миллион теңгеге 192 бюджеттік микрокредит берілген. Несиенің басым бөлігін аудан , ауыл тұрғындары алыпты. Жоба аясында 200дей жұмыс орны ашылған. Айта кетейік, жобаның басты мақсаты- ауыл халқының әл-ауқатын жақсартып, халықтың табысын арттыру. Басты міндеттерінің бірі - тұрақты жұмыс орнын құру. Жоба бизнес ашуға, қайта өңдеуге, ауыл, құс, ара, өсімдік, балық, мал шаруашылықтарына, жүк, жолаушы тасымалына беріледі.
ГҮЛДЕН АСХАТОВА, «АТЫРАУ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:
Мал шаруашылығына 138 жоба, өсімдік шаруашылығына 2 жоба, шағын бизнесті дамытуға 52 жоба берілді. 2024 жылға 761 млн теңге іске асыру жоспарлануда.