$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алдағы 4 жылда Петропавл қаласының көшелері 100 пайыз асфальт болады

03.10.2024ж. 20:00
215
Алдағы 4 жылда Петропавл қаласының көшелері 100 пайыз асфальт болады

Қызылжарда жол жөндеуге рекордтық қаражат бөлінді. Соның арқасында облыс орталығындағы көшелердің жартысынан астамы, яғни, 67 проценті қазір жақсы жағдайда. Шаһардың тіпті шеткі аудандарына да жаңадан асфальт төселіп жатыр. 

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Қызылжардағы Урожайный көшесінің тұрғындары өмір бойы ойқы-шойқы жолдардан көз ашпай келген. Қиыршық тастан төселген кедір-бұдыр жол осы маңайдағы жұртты әбден мезі қылған. Биыл қалалық әкімдік ұзындығы 400 метрге созылатын бұл көшеге асфальт төсеп, қараша алғаш рет өркениет игілігіне қол жеткізді.

Рабочий кенті тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Биыл Урожайный көшесімен қатар бұл жерде бес бірдей көшеге жаңа жол салынған.

Ақсұлу БЕКЕНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жолдың салынғаны бәріне жақсы болды. Себебі бұған дейін тас жол болғанда ыңғайсыз болатын. Мәшіндердің жүруіне кедергі болып, такси да дұрыс келмейтін жолдарыңыз жаман деп. Саз болған кезде балаларға мектепке баруға қиын болатын. Ал қазір тас жолмен балаларға ұнайды. Жолдарымыз таза, түзу болғаны бізге ұнайды.

Татьяна УДАРЦЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мердігерлер жолды тез салып шықты. Әсіресе, балалар үшін жақсы болды. Күнде жол үстінде велосипед тебеді, асфальттың бетінде сурет салады.

Биыл бас -аяғы 57 көшенің жолы қалпына келтіріледі. Оның 39-нда асфальт алғаш рет төселмек. Жалпы, соңғы екі жылда Петропавлдың жолдарын жөндеуге рекордтық қаражат бөлініп жатыр.

Әсем АЙТУЛОВА, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Былтырғы жылы 8 миллиардтан астам қаражат бөлінді. Биылғы жылы 7.4 миллиард. Бұл бізде соңғы екә жылда жолдарды жөндеуге үлкен назар аударылып жатыр. Бұрын соңды мұндай ақша бөлінбеген болатын.

Билік тарапы алдағы төрт жылда қала көшелерін 100 пайыз қиыршық тастан арылтып, асфальт төсеуді көздеп отыр. Арасында биыл жаңадан бой көтерген “Бірлік” ауданы да бар. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін салынған шағын ауданда биыл қиыршық тас себілсе, ендігі жылы бұл жолдар түгелімен асфальттанады.