$482.86 €533.17 ₽5.08
×

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

AstanaTV
03.10.2024ж. 21:36
119
Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, – деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.