$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Нұр Отан» партиясының хатшысы СҚО-дағы Рузаевка ауылының жұртымен кездесті

AstanaTV
20.04.2017ж. 20:00
2126
«Нұр Отан» партиясының хатшысы СҚО-дағы Рузаевка ауылының жұртымен кездесті

Тасқыннан жапа шеккен Солтүстік Қазақстандағы Рузаевка ауылының жұрты жақын арада өтемақыға ие болады. Бұл жайында елді мекеннің жағдайын жіті білген өңір басшысы мен "Нұр Отан" партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов хабарлады.

Облыста алғашқылардың бірі болып Рузаевка селосы су тасқынының бейнетін көрген еді. Ауыл халқы табиғаттың мұндай тосын "мінезін" бұрын-соңды көрмепті. Ағынның мықтылығы сонша, топан су саман үйлерді бірер минуттың ішінде шайып кеткен. Апаттың салдарынан 12 үйдің сау тамтығы қалмаған. Сәуірдің 16 күні Ғабит Мүсірепов ауданында Шарық өзені арнасынан асып, 3 ауылдағы барлығы 157 үйді су басты. Ауданда төтенше жағдай режимі алынған жоқ. Панасыз қалған жұрттың ахуалымен танысқан жетекші партия өкілі жақын арада көмек көрсетілетінін жеткізді.

Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Біз тасқыннан жапа жеккен аудандарды аралап, әдейі сіздерге де келіп отырмыз. Бүкіл мәселелеріңізді ескеріп, жағдайды бақылауда ұстаймыз. Облыс пен аудан басшылығы, бүкіл ел сіздерді жалғыз қалдырмасы анық. Кеше партияның орталық аппаратында селекторлық жиналыс өтті. Партия төрағасының бірінші орынбасары барлық аймақ басшыларымен байланысып, тұрғындарды барынша қолдауды тапсырды.