$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Оралдық еріктілер 200 қапшық қоқыс шығарды

AstanaTV
04.10.2024ж. 20:00
53
Оралдық еріктілер 200 қапшық қоқыс шығарды

Оралдық еріктілер қаланың қоқысқа көмілген аумағынан 200 қап тұрмыстық қалдық шығарды. Ақжайықтық оғыландар Республикалық «Таза Қазақстан» акциясына осылай ат салысты. Бұл жолы экологиялық шара жарыс түрінде өтті. Яғни қоқысты кім көп жинаса, сол жеңімпаз атанады. Шаһардың шырайын кіргізген шараға қаладағы оқу орындарының студенттері белсене қатысты. Орталық базардың маңындағы қоқысқа көмілген көшені жастар жарты сағатта тазартып тастады. Бұл жер бұған дейін тұрғындар төккен тұрмыстық қалдықтардан көрінбейтін. Игі бастаманы облыс аудандары да қолдап отыр. Бүгінде олар сенбілікті тұрақты өткізуді дәстүрге айналдырған. Мысалы, бір ғана Орал қаласының өзінен 50 мың тонна қоқыс шығарылыпты. 

ЖАНДОС СҰҢҒАТОВ, БҚО ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Жылдың басынан бастап "Таза Қазақстан" акциясы бойынша әр екі апта сайын жұмыстар атқарылуда. "Таза Қазақстан" акциясы әрі қарай да жалғасын табатын болады. Қысқы мезгілде де жалғасын табуы әбден мүмкін. Ол кезде қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылатын болады.