$540.78 €618.65 ₽6.71
×

Қазақстан даму банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын ақшаны 15 жыл ішінде қайтарып бермек

AstanaTV
14.03.2016ж. 20:00
1994
Қазақстан даму банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын ақшаны 15 жыл ішінде қайтарып бермек

Қазақстан даму банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын 167,5 млрд теңгені 15 жыл ішінде қайтарып бермек. Бұл туралы Астана телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында банк басқарма төрағасының орынбасары Елена Когай айтты. Ақша төрт бағыттағы ірі жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.  Атап айтқанда отандық жүк вагондарының өндірісіне лизинг ретінде 17,5 млд. теңге, қазақстандық экспортты қолдауға 30 млдр теңге, ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтуға 40 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланған. Шамамен үш жарым мың ауыл қамтылмақ. Және 80 млрд теңге қазіргі несиелік портфелді қолдауға жұмсалмақ.

Елена Когай, Қазақстан даму банкі басқарма төрағасының орынбасары:

Барлық зейнеткерлер тыныш ұйықтай алады. Қазақстан даму банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысын қайтарып бере алмайды деген мәселе тұрған жоқ. Ақшаның қайтатынына күмән болмасын. Үштен 15 жыл аралығында қайтарамыз. Алғашқы траншты сәуір айында күтіп отырмыз. 80 млдр теңгедей. Оның 65 млдрды несиелік портфелді қолдауға бағытталады.

Ал 15 млрд. теңгедей қаржы ЭКСПО-2017 көрмесін қолдауға бағыттамақ. Нақтысы көрмеге орай салынып жатқан Мега Силквей сауда-ойын сауық орталығының құрылысын қолтықтан демейді. Өйткені ол нысанның жобалық құны артқан.

Елена Когай, Қазақстан даму банкі басқарма төрағасының орынбасары:

Девальвация қаржыландыру деңгейіндегі нысандарға да, құрылыс жүріп жатқандарға да әсер еткені түсінікті. Жобалық құны артқасын, оны осы қаражат арқылы қаржыландыру керек болды. Сол MEGA SilkWay нысанын. Бұл жоба Қазақстан даму банкі емес, ЕХРО-2017 көрмесінің түрлі жобаларына қатысып жатқан «Бәйтеректің» еншілес компаниясы «Бәйтерек деволопмент» арқылы жүреді. Олар қолдау сұрады. Басында 15 млдр теңге деп шешкенбіз. Бірақ бұл сома әлі өзгеріп, одан аздау болуы да мүмкін.

 Айгүл ӘДЕПБАЙ