Жамбыл облысында ең ірі көлемде есірткі заты тәркіленді. Меркі ауданы орталығында тұратын 34 жастағы азаматтан 20 келіге жуық героин табылды. Құзырлы орган қызметі облыс тұрғынның үйін тінту кезінде тәркілеп отыр. Ол 10 жылдан аса осы кәсіп арқылы нанын тауып келгені анықталды. Бұл әрекеті үшін бұрын сотты да болған. Осылайша «оңай олжаға» кенелгісі келген күдікті кезекті партияны жасап жатқан жерінен ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындаған. Тергеу барысында тыйым салынған ұнтақтарды сату мақсатында дайындағанын айтқан. Жыл басынан бері жарты тоннадан аса есірткі заты тәркіленіпті.
Асхат Әлметов, Жамбыл облысы ІІД ауданаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:
Жыл
басынан бергі үлкен деректердің жаңағы 7-ші дерегі болып есептеледі. Бұл
қазіргі қара нарыққа келетін болсақ, оның бір келісі 1 мың доллардан жоғары
тұрады. Аса ауыр қылмыстың санатына жатады. Ол жерде 7 жылдан 12 жылға дейін
сотталады.