$481.84 €531.33 ₽5.07
×

«Барыс» бүгін сырт айдында «Авангард» командасымен кездеседі

AstanaTV
05.10.2024ж. 12:09
51
«Барыс» бүгін сырт айдында «Авангард» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 5 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Astana TV.

Ойын елорда уақытымен 16:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 77 мәрте кездескен. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі төрт кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазақстандық команда бұдан кейінгі үш ойынын сырт айдында өткізіп, 7 қазанда «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен шеберлік байқасады.