$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Маңғыстау облысында қоқиқаздардың өлекселері табылды

AstanaTV
05.10.2024ж. 14:08
61
Маңғыстау облысында қоқиқаздардың өлекселері табылды

Қоқиқаздардың өлекселерін далада, Қаламқас пен Қаражанбас арасында жергілікті тұрғындар тауып алған. Тұрғындар шамамен 5 қоқиқаздың өлексесін көрген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Блогер Азамат Сәрсенбаев өз парақшасында өлген қоқиқаздардың суреттерін жариялады.

"Өлекселерді тексеріп, зерттеуіміз керек, бұл құстарды осылай шашыратып тастайтын шаңды дауыл болмаған сияқты еді, олар табиғи түрде өлді ме, әлде біреу өлтірді ме?", – делінген жазбада.