$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Қостанайда жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, көз жұмды

AstanaTV
05.10.2024ж. 15:03
82
Қостанайда жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, көз жұмды

Қостанай облысындағы зауытта жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Қостанай ауданының Садовый кентінде «БК-Строй» кірпіш зауытында болды. Полиция департаменті бұл оқиғаны растады.

Қазір еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жұмысшы ресми түрде жұмысқа орналаспаған, оның орнына құжаттарға сәйкес қызы тіркелген. Марқұмның артында алты баласы қалды.