$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Өртсөндіруші төрт баланы өлімнен құтқарып қалды

AstanaTV
05.10.2024ж. 17:31
62
Өртсөндіруші төрт баланы өлімнен құтқарып қалды

Шымкентте өрт сөндірушілер өрттен 4 баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Astana TV.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 5-қабаттағы пәтерде өрт шықты. ТЖД қызметкерлері көрші пәтерлерден қолмен көтеріп баспалдақ маршымен 5 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды, делінген хабарламада.

Өрт 16 шаршы метр аумақта жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.