Мәскеуде мұғалім жетінші сынып оқушысына қырындап, жыныстық қатынасқа шақырғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Короче Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, 44 жастағы вокал мұғалімі мектеп оқушысын үйіне шақырып, артынша жыныстық қатынасқа шақырған.
Тергеу барысында әйел адам кәмелетке толмағандарға өзінің порнографиялық суреттерін жібергенін анықталды.
Қазір мұғалімнің осындай өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.