$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Астанада 57 км жол салуға 30 миллиард теңге бөлінген

AstanaTV
20.04.2017ж. 20:00
2010
Астанада 57 км жол салуға 30 миллиард теңге бөлінген

Биыл Астанадағы 52 көше жолы ЭКСПО көрмесіне дейін жөнделеді. Оған жергілікті бюджеттен 30 млрд-қа жуық қаржы бөлінген. Мұны БАҚ өкілдеріне пресс-тур өткізген әкімдік өкілдері айтты. Негізі жыл сайын Астанада 80-90 шақырымдық жолды түзеу жоспарланған. Бірақ оның тең жартысы ғана жөнделеді. Өйткені қаражат жетпейді, дейді мамандар.  

Болат Сәулебаев, Астана қалалық автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

40 км орташа жөндеуден өтеді. 17 км жаңа жолдар салынады. Бізге орташа жөндеуге 5,5 млрд теңге бөлінді. Жаңа жолдарға 24 млрд теңге бөлініп жатыр. Өзіміздің құрған жоспар бар. Сол жоспар бойынша барлық жұмыстар толығымен көрмеге дейін аяқталады. Жалғыз бұл 2 жерде емес, бүкіл қалада жұмыс істеп жатырмыз.

Айбек ҚОСАН