$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді

AstanaTV
05.10.2024ж. 22:00
70
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып жаңадан тағайындалған Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Astana TV.

Кездесуде Мемлекет басшысы Әуе қорғанысы күштерін модернизациялау туралы бірқатар тапсырма берді.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдап, халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.