$497.89 €525.12 ₽5
×

Қазақстанда 10 323 референдум учаскесі бар

Қазақстанда 10 323 референдум учаскесі бар

Ел аумағында 10 323 референдум учаскесі, таңғы сағат 7-ден бастап жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Учаскелерде халықтың дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Ел азаматтарының тіркелген жері бойынша дауыс беру учаскесінің саны - 9 709, уақытша учаске - 614. Дауыс беруге 18 жасқа толған барлық қазақстандық қатыса алады. Қазіргі уақытта 12 млн-нан астам адам жалпыхалықтық референдумда дауыс беру құқығына ие. Заңға сәйкес халықтың 50 пайыздан астамы қатысқан жағдайда референдум өткен болып есептеледі. Әр азамат өз дауыс беру учаскесі қайда орналасқанын үйден шықпай-ақ біле алады. Ол үшін referendum.gov.kz арнайы сайты іске қосылды. Дауыс беру учаскесі туралы ақпарат алу үшін аталған сайтқа кіріп, тұрғылықты жерді көрсетесіз. Жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, табу батырмасын басу қажет. Деректер енгізілгеннен кейін жүйе учаске туралы ақпарат ұсынады.