Референдумды 177 бақылаушы қадағалайды. Олар- 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның өкілдері. Референдумға халықаралық бақылаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекеттің халықаралық міндеттемелерді сақтауына ықпал етпек. Сонымен қатар бақылаушылардың белсенділігі еліміздің шет мемлекеттермен электоралдық саладағы тығыз ынтымақтастығының дәлелі екенін жеткізді.
ЗАЙНИДДИН НИЗАМХОДЖАЕВ, БАҚЫЛАУШЫ:
Қазақстан еліне үлкен алғысымды білдіремін. Осындай саяси науқанда біздің елді шақырғанына. Шетелдің әріптестерімен бірге, осы науқанда бақылаушы боламыз. Орталық сайлау комиссиясының басшысымен тікелей жолығып, саяси науқан туралы пікір алмастық. Сондай-ақ, референдумға байланысты нақты дайындықтар мен шаралар туралы таныстырды.