$497.89 €525.12 ₽5
×

Жалпыхалықтық референдум осыған дейін елімізде үш рет өткен

06.10.2024ж. 08:00
139
Жалпыхалықтық референдум осыған дейін елімізде үш рет өткен

Референдум – демократиялық жүйенің бір көрінісі. Мұнда халықтың таңдауы, қоғамның пікірі ескеріледі. Жалпыхалықтық референдум осыған дейін елімізде үш рет болды. Екеуі 1995 жылы. Біріншісі сол кездегі Президенттің өкілеттігін ұзарту бойынша өткен. Бұған қазақстандықтардың 91,21 проценті қатысты. Дауыс берушілердің 95,46 пайызы қолдады. Екінші- Ата Заңды қабылдау бойынша. Жаңа Конституцияға өзгерістер енгізуге жұрттың 90 пайызы атсалысты. Сол жылдан бастап елімізде 30 тамыз Конституция күні болып белгіленген еді.2022 жылы Ата Заңға өзгеріс енгізу туралы науқан тағы өтті. Оған тұрғындардың 68 пайызы барды.