Жалпыұлттық референдумға астаналықтар белсенді қатысуда. Дауыс беру учаскелерінің барлығы ашылды. Бірінші болып келген дауыс берушілерге сыйлықтар берілуде. Дәл қазір әріптесім Сүндет Оралбек №59 сайлау учаскесінде тұр. Сүндет, саяси науқан барысын баяндап берсең.
Қайырлы таң, Қасымхан. Қазір мен тұрған нөмері 59-шы референдум учаскесіне таңмен таласа тұрып, таңдауын жасауға келгендер жетерлік. Жалпы бұл учаскеге 3 мыңға тарта сайлаушы тіркелген. Бірінші келген тұрғындар комиссия мүшелерінен түрлі сыйлықтар алды. Сондай-ақ алғаш рет саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасаған жастар да бар. Солардың бірі - Нұртөре Түсіп. Нұртөре, өз даңдауыңды жасадың. Көңіл-күй қалай?
НҰРТӨРЕ ТҮСІП, ТҰРҒЫН:
Мұнда дауыс беру барысы бақылауда. Дәл осы уаскеде 10-ға жуық бақылаушы тіркелген. Көзі нашар көретіндерге трафарет қойылған. Жалпы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дауыс беру үшін бар жағдай жасалған. Қасымхан, мендегі ақпарат осы. Сөз өзіңде!