Қызылжарда әскери академия мамандары алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Референдум учаскісі таңғы алтыда ашылғаннан бастап курсанттар мен офицерлер елдің болашағын қалыптастыруға атсалысты. Барлығы әскери мекемеде ұзын саны 600ге жуық азамат өз таңдауын жасамақ. Мәселен, кәмелет жасқа енді толған Данияр Оралғазы бүгін алғаш рет дауыс беріп отыр. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында 375 мың адам дауыс беруге құқылы. Аймақта таңғы жетіден бастап 591 референдум учаскісі жұмыс істеп жатыр.