Сеулдегі референдумда бірінші қазақстандық болып халықаралық ұйым қызметкері Камила Маутова дауыс берді. Ол Оңтүстік Кореяда қызметтік іссапарда жүр. Сондай-ақ, ол шетелде тұратын қазақстандықтар біздің дипломатиялық өкілдіктердің күш-жігерінің арқасында референдумға қатысу мүмкіндігіне ие болғанын айтты.