Алматылық тұрғындар да таңмен таласып, өз таңдауларын жасап жатыр. Сайлаушылар таңғы 7:00-ден бастап өздері тіркелген учаскеге баруда. Айта кетейік, нөмірі 358-ші учаскесінде 1264 адам таңдауын жасай алады. Алғаш дауыс бергендерге арнайы сыйлықтар да табысталды.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Бүгін өте маңызды күн. Өйткені маңызды саяси мәселелер мен экономикалық мәселермен, технологиялық мәселелермен ғылымменен байланысты. Сондықтан бүгінгі шешімнің маңызы зор. Таңертең тұрып, бірден келіп азаматтық борышымызды атқарып дауыс беріп шығып жатырмыз.
- Азаматтық борышымды өтеп, қазақстанның заңнамасына сәйкес бүгін бізде мынау сайлау күні болып отыр. Референдум. Референдумға өз дауысымды беруге келдім. Өз таңдауымды жасадым.