$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Бүгін - жалпыхалықтық референдум

06.10.2024ж. 08:00
49
Бүгін - жалпыхалықтық референдум

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Рақмет, Қасымхан! Қайырлы таң, көрермен! 

Олар бүгін таңғы 7/00-де, яғни бір сағат бұрын ашылды. 84 орын аумақтық комиссияның шешімімен 6:00 бастап кетті. 

Шетелде жүрген азаматтар үшін әлемнің 59 елінде 74 учаске ұйымдастырылған. Онда 12 мыңнан аса отандасымыз дауыс беруге құқылы. 

Атом электр стансасын салу жөніндегі жалпыхалықтық референдумда байқауға 30 шет мемлекет пен 4 халықаралық ұйым атынан 177 бақылаушы қатысады.

Дәл қазір мен тұрған орталық сайлау комиссиясында ақпарат таратып жатқан тек елдегі әріптестер ғана емес.37 елден 200 журналист аккредиттелген. 

Жалпы бұл саяси науқанда 18 жастан асқан 12 млн 244 мың 683 адам таңдау жасай алады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қасымхан, орталық сайлау комиссиясындағы ақпараттар әзірге осы. Жаңа деректермен алдағы уақытта бөлемін.