$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оралдағы әскери бөлім сарбаздары дауыс берді

06.10.2024ж. 08:00
332
Оралдағы әскери бөлім сарбаздары дауыс берді

Оралдағы әскери бөлімнің жауынгерлері өз таңдауын жасады. Олардың ішінде алғаш рет дауыс берген жас сарбаздар да бар. Әскери бөлімдегі референдум учаскесі таңғы алтыда ашылып, өз жұмысын өзге учаскелерден бір сағат бұрын бастады. Өзіндік ерекшелігіне сай, мұнда дауыс беру рәсімі жабық түрде өткізіледі. Осылайша офицерлер, келісімшарт бойынша қызмет етушілер және 500-ге тарта қатардағы жауынгер өз таңдауын жасады. 

БІЛӘЛ САБЫРЖАН, САРБАЗ:

Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн деп санаймын. Осы күнге орай мен өз таңдауымды жасадым. Еліміздің болашағы қазіргі жастардың, болмаса біздің әскери қызметшілердің қолында деп ойлаймын.

Жүздеген сарбаз бір бөлімде шоғырланғандықтан, мұндағы дауыс беру рәсімі басқа сайлау учаскелерінен тез аяқталады. Референдум комиссиясының мүшелері алғаш рет дауыс берген жас жауынгерлерге түрлі тәттілерді сыйлап, тарту-таралғы жасады.

ЕРТУҒАН ӘУБӘКІР, "БАТЫС" ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Бұл әскери бөлімде дауыс өтіп жатқан дауыс берудің бір ерекшелігі - таңғы сағат алтыда басталды. Неге десеңіз Ұлттық ұлан әскері көшедегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, түзеу мекемесін күзетіп, әрі қарай өзінің жауынгерлік міндеттерін атқаруы керек. Сарбаздарға барлық ақпарат жеткізілді, түсіндірілді.