$481.84 €531.33 ₽5.07
×

"Қазақстанда халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек", - Президент

AstanaTV
06.10.2024ж. 16:00
94
"Қазақстанда халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек", - Президент

АЭС құрылысында халықаралық консорциум жұмыс жасау керек. Дегенмен, түпкілікті шешімді халық қабылдайды. Себебі – ол таза демократиялық процесс. Бүгін жалпыхалықтық референдумда дауыс берген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы журналистерге берген сұқбатында қоғамдағы өзекті мәселелерге де тоқталды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы сайлау учаскесіне барып, АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таңдауын жасағаннан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп, саяси науқанның маңыздылығына тоқталды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүгін тарихи күн. Халқымыз АЭС құрылысы бойынша дауыс береді, маңызды мәселе. Жалпы, референдум, бұл – тікелей демократияның өте тиімді, маңызды құралы, тетігі деуге болады. Сондықтан, халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкілікті байламы сондай болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқынының салдарымен күрес жайлы да айтты. Ең бастысы, бұндай жағдай қайталанбауы үшін барлық шара қабылдану керектігіне баса назар аударды. Сондай-ақ, ел намысын халықаралық олимпиадаларда қорғайтын дарынды жастар мен оларды тәрбиелейтін ұстаздарға қолдау қажеттігіне тоқталды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Кеше ғана мен мұғалімдер мен ұстаздарға марапаттар бердім. Сөзімде айттым: мұғалімдер – қоғамымыздың үздік тұлғалары. Олар дарынды жастарға білім беріп жатыр. Сондықтан, біз қолдаймыз. Мемлекет қолдайды. Ол, біріншіден, Екіншіден, мен кеше ғана айттым: Мұғалімдер – қоғамымыздың басты кейіпкері болуы керек. Ол жай сөз емес. Ол – саясат. Біз мұғалімдерге қолдау көрсетіп, мәртебесін көтеруіміз керек.

Мемлекет басшысы Үкімет жұмысына баға берді. Жеті айда министрлер кабинеті белсенді болды деді.