$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев референдумда дауыс берді

06.10.2024ж. 16:00
227
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев референдумда дауыс берді

Мәжіліс депутат, «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев та өз таңдауын жасады. Елнұр Бейсенбаев бүгін өте маңызды күн екенін атап өтті. Ол АЭС салу сияқты әлеуметтік-қоғамдық мәселе халықтың талқылауына шығарылып отырғанын айтты.

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл референдум жайлы мемлекет басшысы осыдан бір жыл бұрын Жолдауында айтқан болатын. Бұл «естуші мемлекет» тұжырымдамасының, сондай-ақ ашық мемлекет, әділетті Қазақстан орнатудағы ең негізгі қадамдарының бірі деп есептеймін. Бүгін дауыс беруге кішкентай қызыммен келдім.

«АМАNАТ» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек те дауыс берді. Ол референдумға қатысу еліміздегі демократиялық институттардың одан әрі дамуына ықпал ететін маңызды азаматтық парыз екенін айтты. 

ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Жалпы осы референдум арқылы мемлекет басшысының халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатында іске асып жатқанын толық көруге болады. Өйткені осы азаматтардың қалауы арқылы ғана осындай үлкен мемлекетке қажетті дүниелер осы халықтың дауыс беруі арқылы референдумда шығарылып жатқан осы нақты нәтижесі деуге болады.