Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арнайы құралдар арқылы дауыс берді. Учаскелерде көзі нашар көретіндерге арналған құралдар мен Брайль шрифті бар трафареттер орнатылған. Кабиналарда арнайы лупа да бар. Ерекше жандарға дауыс беру ережесі түсіндірілген. Аумақтық комиссия мүшелерінің айтуынша, әрбір Қазақстан азаматының дауыс беру құқы қорғалады. Қарағандыда 960 адам ерекше қамқорлықты қажет етеді. Оның үштен бірі арбада отырады. Ондай тұрғындар арнайы тапсырыспен үйлерінен дауыс береді.
Гүлжахан СҮЛЕЙМЕНОВА, №110 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мүмкіндігі шектеулі тұрғындар есепте тұрады. Осы кісілермен қоса егде жастағы кісілер үйлерінде дауыс беру үшін мүмкіндіктері бар. Біздің екі комисия мүшеміз жеңілдетілген урналарды алып үйлерге дауыс жинауға кетеді”.