$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов референдумда дауыс берді

06.10.2024ж. 16:00
76
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов референдумда дауыс берді

Таразда Олимпиада чемпионы Елдос Сметов референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Спортшы №82 учаскесінде дауыс берді. Балуан тарихи сәтке ел тұрғындары белсенді қатысу керек дейді. Референдумға келіп жатқан халықтың қарасы қалың. Учаскелерде ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып, жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашуда. 

ЕЛДОС СМЕТОВ, ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ:

Мен де өз таңдауымды жасауым керек деп, дұрыс шешім деп қабылдаймын. Өз таңдауымды жасадым. Және ел болашағы үшін, еліміздің дамуы үшін елімізге пайдасын тигізетін дүниелер үшін әр қазақтың баласы, әр қазақ халқы, өзінің дұрыс таңдауын жасау керек деп ойлаймын.