$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атом электр станцияларына қатысты референдумда қазақстандықтардың жартысынан астамы дауыс берді

06.10.2024ж. 16:00
222
Атом электр станцияларына қатысты референдумда қазақстандықтардың жартысынан астамы дауыс берді

Атом электр станциясына қатысты референдумда қазақстандықтардың жартысынан астамы дауыс берді. Сағат 14:00-дегі ақпарат бойынша көрсеткіш -51,77 пайыз. Орталық референдум комиссиясындағы тілшіміз тікелей эфирде соңғы ақпараттармен бөліседі. Сүндет, қай өңір көш бастайды?

Әмина, рахмет. Халықтың дауыс беру деңгейі жақсы. Шамамен 6 млннан астамы өз таңдауын жасаған. Өңірлер бойынша көш басында Түркістан облысы тұр. Мұнда тұрғындардың 67.38 пайызы белгіленген учаскелеріне барып, дауыс берген. Екінші орында 64.38 пайызбен Шымкент қаласы жайғасқан. Шығыс Қазақстан облысы үздік үштікте. Мұнда 61.73 таңдауын жасаған. Орталық референдум комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина 6 339 425 азамат бюллетень алғанын хабарлады. 

СӘБИЛӘ МҰСТАФИНА, ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31 – бабы 2 – тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналатының айтып өткен жөн.

Орталық референдум комиссиясында әрбір екі сағат сайын ақпараттар жаңартылып отырады. Соңғы арпаратпен бөлісіп отыратын боламы. Мендегі ақпарат әзіреге осы. Сөз өзіңде!