$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылордада көкпаршылар атпен, келіндер қазақша киіммен дауыс беруге келді

Қызылордада көкпаршылар атпен, келіндер қазақша киіммен дауыс беруге келді

Бүгін қызылордалықтардың белсенділігі ерекше. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған аймақта бір әулеттің келіндері дауыс беруге ұлттық киіммен келді. Толығырақ қазір бізбен тікелей байланысқа шығып тұрған әріптесім Мөлдір Тоқтасынқызы айтады. Мөлдір? 

МӨЛДІР ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Иә, Шиелі ауданында тұратын Ержановтар әулетінің келіндері рефендум учаскесіне ұлттық нақыштағы киіммен келді. Оларды енесі бастап жүр. Басынан жаулығы түспеген инабатты жандарға көпшілік сүйсіне қарады. Бір шаңырақ астында тұратын 7 келін ауызбіршіліктерін танытып, көпшілікке үлгі көрсетті. Ал отанасы шашу шашты.

Шиелінің көкпаршылары да алаңдағы жаттығудан соң рефендум учаскесіне асығыпты. Атқа қонған азаматтар ел үшін маңызды сәттен қалыс қалған жоқ.

МӨЛДІР ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Аймақта 380 дауыс беру учаскесі бар. Референдумға қатысуға құқылы 492 мыңнан астам тұрғын тізімге алынған. Осы уақытқа дейін оның 54 проценті өз таңдауын жасаған. Әмина, мендегі бар ақпарат әзірге осы.