$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе мен Таразда Exit Poll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр

06.10.2024ж. 16:00
329
Ақтөбе мен Таразда Exit Poll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр

Ақтөбе қаласында Қоғамдық саясат институт өкілдерінің жұмысы қыза түскен. Exit poll мүшелері сайлау учаскелері ашылғаннан бастап халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізуде. Сауалнама ерікті түрде болады. Ал дауыс берушілерден алынған мәліметтер жария етілмейді. Интервьюерлер саяси науқан алдында арнайы дайындықтан өткен. 

АЯЖАН БОРАНБАЕВА, ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ИНТЕРВЬЮЕРІ:

Халықтың белсенділігі өте жақсы деп айтуға болады. Көбісі позитивті, белсенді көңіл күйде келіп жатыр. Тек қана жастар емес, үлкен кісілер, қариялар көп келіп жатыр. Кейбіреулері тіпті өздерінің балаларын да ертіп келіп жатыр. Және бізбен оңай контактіге түсіп жатыр.

Әлеуметтік сауалнама Тараз қаласында да жүріп жатыр. Мұнда жалпы саны 315 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр.

САБИНА ЩЕГЕЛОВА, ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ИНТЕРВЬЮЕРІ

Біз таңғы 7 ден осында жүрміз, өз таңдауын жасауға келген қала тұрғындарының қарасы қалың болып жатыр. Біз енді бүгінгі шара аяқталғанға дейін осында сырттай бақылап, сауалнама жүргізетін боламыз.