$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Сыйға келген көліктерін сатқан Назым Қызайбайға тағы көлік берілді

AstanaTV
06.10.2024ж. 17:51
66
Сыйға келген көліктерін сатқан Назым Қызайбайға тағы көлік берілді

Бокстан Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай екі көлігін сатып жіберсе де, тағы көлік иесі атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024 жылы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға бұған дейін үш көлік берілді. Спортшы оның екеуін, яғни Zeekr мен Mini Cooper-ді сатуға бел буды. Себебі қыз ақшаға мұқтаж екен.

"Боксшылардан үнемі алтын күтеді": Назым Қызайбай олимпиадада финалға шыға алмау себебі, спорттағы “ағалық-көкелік” жайлы ашық айтты

Дегенмен жуырда ғана Алматы қалалық бокс федерациясы Назым Қызайбайды жазғы Олимпиадада қола жүлде алуымен құттықтап, тағы бір көлік сыйлады.