Кеш жарық, Қасымхан! Елде Астана уақытымен тура 20.00-де дауыс беру аяқталды. Елордада жалпы саны 460 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның 352-сі ашық, 34-і жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан. Мен тұрған №294 учаскіде таңғы 7-ден бастап кешке дейін дауыс беруге келгендер үзілген жоқ. Астанадағы ауа райы да саяси науқанға қарасып тұрғандай. Күн жып-жылы, шуағын шашып тұрды. Мұнда --- азамат тіркелген. Референдум учаскілері жабылғанымен мұнда жұмыс әлі қызу. Бюллетеньдерді санау жүріп жатыр.
Рақмет! Іске сәт! Комиссия мүшелерінің жұмысына кедергі жасамайық. Қасымхан, мендегі ақпар осы. Сөз тізгіні өзіңізде.