Тараздық 102 жастағы қарт ана Күлия Үсенова дауыс берді. Ол қаладағы №465-ші учаскеге тіркелген. Кейуана өзі келіп, таңдауын жасады. Маңызды науқанда белсенді болған әжеге құрмет көрсетіліп, қамзол кигізді.
КҮЛИЯ ҮСЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Өзім келдім арнайы дауыс берейін деп. Еліміз аман болсын. Халқымыз тыныш болсын. Ұдайы осындай бейбітшілік болсын. Бәрімізге Алла тыныштық берсін.