$494.87 €520.65 ₽4.91
×

“Бұрынғы Әсел жоқ, тек робот бар“. Танымал актриса өкініші туралы айтты

AstanaTV
07.10.2024ж. 08:31
204
“Бұрынғы Әсел жоқ, тек робот бар“. Танымал актриса өкініші туралы айтты

Танымал қазақстандық актриса Әсел Асқар осыдан екі жыл бұрын шетінеп кеткен сәбиін еске алып, әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Еске салайық, актриса кішкентай ұлынан айырылған болатын. 

"Бүгін сенің жоқ болғаныңа екі жыл. Екі жыл бұрын сенің жүрегің тоқтаған сәтте мен жансақтау бөлімінде жүгіріп жүрдім. Сені ол жерден тезірек алып кету үшін қажетсіз қағаздарды ұстаған мен дәрігерлерге ешқандай шағымым жоқ екенін айту үшін зомби құсап жүрдім. Сол күні қандай ауыр жағдайда болғанымды сөзбен жеткізе алмаймын. Осы күні сені кептелісте бесік жырын айтып, мәйітханаға апара жатқан едім. Уақыт тоқтап қалғандай еді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм ұлымен бірге түскен суретін жариялап.

Әсел Асқар баласы қайтыс болған күннен бастап өзгеріп кеткені туралы да жазды. 

"Сенің денең мұздай болып, ауырлап кетті. Мәйітханаға сені алып келгенімізде медбикелер шай ішіп отыр еді. Сені оларға беріп, далада күтіп тұрдым. Содан қайтадан кептеліспен сені соңғы рет үйге әкелдік. Үйге келгенімізде перзентханадан шыққан күні қарсы алғандай, тағы да алдымыздан анам шықты. Бірақ бұл жолы бізді қайғылы жүзбен және қара көйлекпен күтіп алды. Сені оған шомылдыруға бермедім, өзім жуындырдым. Өйткені оның жүрегі шыдамайды, ал мен мықтымын. Сол кзеде бәрі маған аянышты түрмен қарады, барлығын қуып шыққым келді. Бұл қорқыныштан оянғым келді. Имам келіп дұға оқыды, мен әзер шыдап тұрдым. Барлығы маған басу айтты... Құдай сені маған не үшін берді? Қайта алу үшін бе? Сыйлықты берген кезде қайта алмайды ғой. Имам келіп, барлығы мені асықтырды. Кеш түспе жер қойнына тапсыруымды айтты. Сені менен күшпен тартып алды. Сенімен бірге бұрынғы мен Әсел де жоқ. Тек робот бар", - деп жазды Әсел Асқар.

Желі қолданушылары өнер иесіне көңіл айтып, тіпті, кейбірі өзінің оқиғасымен бөлісіп, сабырға шақырып жатыр.