$540.78 €618.65 ₽6.71
×

ШҚО-да орындалмаған сот шешімдері бойынша қарыз 4,5 млрд-тан асты

AstanaTV
14.03.2016ж. 20:00
1453
ШҚО-да орындалмаған сот шешімдері бойынша қарыз 4,5 млрд-тан асты

Шығыс Қазақстанда орындалмаған сот шешімдері бойынша, 4,5 млрд теңге қаражат қазынаға төленбей отыр. Берешек 2009 жылдан қордаланып қалған. Бұл туралы Ауданаралық экономикалық мамандандырылған сот төрағасы Анарбек Рамазанов мәлемдеді. Оның айтуынша, шығынды өтеу үшін сотқа беретіндер Мемлекетік мекемелер мен кәсіпорындар. Алайда тиісті шешімінің орындалуын олар соңына дейін қадағаламайды. Тіпті, құлық танытпайды. Сотта 95 азаматтық іс жатыр. Арызданушы облыстық экология Департаменті. Үкімге сай экологияға зардап келтірушілер 500 млн теңге төлеуі тиіс. Сондай ақ, облыстық құрылыс басқармасының арызы бойынша 2,5 млрд теңге де бюджетке қайтарылған жоқ.

Анарбек Рамазанов, ШҚО Ауданаралық экономикалық мамандандырылған сот төрағасы:

Жеке кәсіпкерлерден мемлекет бюджетіне 4,5 млрд теңге түсуі керек еді. Бірақ олар әлі күнге дейін атқару парақтарын орындаған жоқ. Мемлекеттік мекеме басшылары өз міндеттерін немқұрайды орындап келе жатыр. Негізі олар өздері талап арызбен бізге келген соң, мүдделі болу керек қой. Біз өндіріп бердік.

Салдарынан сот шешімі жерде қалып жатыр. Ал жауапсыз мердігерлер бюджетен ақша алады. Жүктелген міндетті орындамайды, сотқа тартылады. Соңында тек «қағаз жүзінде» жазаланады. Мемлекетке 3,5 мың сот шешімі бойынша шығын өтелмеген.

 Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ